«2022 – Балалар жылына» байланысты мектеп психологы Д.А.Ахметованың ұйымдастыруымен «Бақытты балалық шақ» атты білім алушыларға арналған тренинг өткізілді. Мерзімі: 30.05.2022 ж Контингент: 6-8 сынып » Қорғас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қорғас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «2022 – Балалар жылына» байланысты мектеп психологы Д.А.Ахметованың ұйымдастыруымен «Бақытты балалық шақ» атты білім алушыларға арналған тренинг өткізілді. Мерзімі: 30.05.2022 ж Контингент: 6-8 сынып
30
май
2022

«2022 – Балалар жылына» байланысты мектеп психологы Д.А.Ахметованың ұйымдастыруымен «Бақытты балалық шақ» атты білім алушыларға арналған тренинг өткізілді. Мерзімі: 30.05.2022 ж Контингент: 6-8 сынып

«Алматы облысы білім басқармасының Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі»  ММ

 «Қорғас орта метебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ


Анықтама

«2022 – Балалар жылына»  байланысты мектеп психологы Д.А.Ахметованың ұйымдастыруымен «Бақытты балалық шақ» атты білім алушыларға арналған тренинг өткізілді. 

Мерзімі: 30.05.2022 ж

Контингент: 6-8 сынып 

Мақсаты: өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға,

жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа

түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру.

Тренинг барысында топта жұмыс істеу ережесі мен таныстырылып, әр түрлі жаттығулар өткізілді. 


Топта жұмыс істеу ережесі:

 1. Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды.

 2. Болып жатқанға белсенді қатысу.

 3. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы.

 4. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт.

 5. "Басынан" "Аяғына" дейін жұмыс істеу.


«Бақыт гүлі»  жаттығу арқылы білім алушыларға өз бойынндағы жылу, қуаныш,  табыс,  бақыт, сүйіспеншілік сезімдерді  бір-бірлеріңе  тілек арқылы жеткізеді.

«Өз көңіл – күйін бейнелеу» жаттығуы
  Мақсаты: өз көңіл – күй, сезім, эмоциясын саналы басқару қабілетін дамыту.  Басқа адаммен әсерлену өз сезімі мен көңіл – күй ыңғайластыру қабілетін дамыту.

Балалар өз қалауындағы  смайликтерді алып,  оны бейнелеп көрсету. Өздерінің көңіл – күйлеріне қатысты  осындай көңіл күй болды ма? Қандай сезімде болдың? . Балалардың алған әсерлерімен бөлісу.

  «Менің таңбам» жаттығуы.

Мақсаты: әр оқушы өздерінің бойындағы арман, орта,  жетістік, сенім, қасиеттерін өзі ұнатқан фигураларға түсіру арқылы, өз ойын жеткізу арқылы, өз көзқарасын таныту.


«Сүйіспеншілік» жаттығуы

«Балалардың бақыты үшін не керек?» деген сұраққа байланысты ойларыңызды жасыл жапыраққа жазып,  ал бақытты балалық шақты  бұзатын жағдайлар туралы ойыңызды сары жапыраққа жазып, ілулі тұрған тақтадағы ағашқа жапсырамыз. Әрбір отбасы – өркен жайған ағаш діңгегі. Сары жапырақтар көп болса, отбасына қауіп –қатер, жайлай бастағаны.  Ал, жасыл   жапырақ көп болса онда сіздің отбасыңызда бақыттың орнағаны, сыйластық, адалдық, жүрек жылуы.



«Бақытпен бөлісейік» жаттығуы

 Қатысушылар шеңбер құрып, қалаған  шарларды алып, шарларда жазылған жақсы тілектерді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. 



«Менің күнім»  жаттығуы

Энерджайзер дегеніміз – психологиялық ойын деген сөз.

Флипчартта күннің суреті бейнеленген, жан – жағында шуақтарын салынған. Сол шуақтарға  ата-аналарыңның сіздерге айтатын жағымды сөздерін жазыңыздар.


«Рақмет, АНА!», «Бақытты бала» бейнероликтерін  көру. «Кері байланыс» .

Похожие публикации: