«Мен өмірді сүйемін» атты акция аясында «Қорғас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ мектеп психологі Д.А.Ахметованың ұйымдастыруымен
«Панфилов ауданы білім бөлімі» ММ-нің 2022- 2023 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес, қазан айының 3-7 күндер аралығында «Мен өмірді сүйемін» атты акция аясында «Қорғас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ мектеп психологі Д.А.Ахметованың ұйымдастыруымен
7-9 сынып білім алушылар арасында өмір құндылығын сезінуге, бір-бірлерімен жақсы қарым - қатынаста болуларына шақыру, адамның өмірі өз қолында екендігін түсіндіріп, өмірді сүюге дағдыландыру мақсатында «Өмір қымбатсын маған...» атты тренингі өткізілді.
«Естелік бойтұмарлар»
Қатысушылар аудиторияға кіріп жатқан кезде, мойындарына бірнеше түрлі- түсті жіпшелер байланған «мойын алқасын» тағып беріп, ойынның ережесі жазылған карточкаларды ұсыну. Тренинг басталмас бұрын қатысушыларға қызыл, жасыл, сары, көк түсті текшелерді таңдатып, түстер бойынша 4 топ құрылып жұмысымды бастаймын.
1.Сәлемдесу«Есімім-сәлемдесуім!» жаттығуы
Жаттығу мақсаты: сергіту, қатысушылардың бір-бірімен сәлемдесуі, эмоционалды босаңсу.
- «Мен Нұсұлтанға барамын....» жаттығуы
Бұл жаттығуда әркім өзесімдерін айтып, не алып баратындарын айтады
Менің атым Ардақ, Мен Нұсұлтанға барамын, өзіммен бірге ақыл алып барамын, ал сен не алып барасын.....?
3.«Сынық қарандаш» жаттығуы
Білім алушыларға практикалық түрде қарындашты сындырып көрсету қажет.
- Ник Вуйчичтың және Құмаш Нұрғалиев өмір жолдары туралы мәліметтендіру мақсатында бейнебаян көрсету.Әлемге танымал тұлғалардың жетістіктерімен өмірге деге махаббаты және өмір сүру құштарлығын көрсетіп, мотивация беру. Микрофон әдісі арқылы бейнеролик бойынша сұрақ-жауаптар қою.
- «Квест» әдісі арқылы «Жасырлған сұрақ» ойынын жүргізу.
Білім алушыларды біріктіру және командада жұмыс жасауға, логикалық тапсырмаларды шешуге және жүйрік ойды дамытуға арналған ойын.
6. «Модерация» әдісі бойынша берілген стикерлерге «Өмір» сөзіне қатысты сөздерді айтады. Топ ішінде іріктейді, қайталанған сөздерді алып тастайды. Осы әдіс арқылы білім алушылар ойлау қабілеттерін дамытады.
8. Рефлексия : Соңында әр білім алушы тренингтен алған әсерін айтып, өз өміріне деген ризашылығын айтады.
Педагог- психолог: Д.А.Ахметова