«Филиппстің әдісі» қолданып мазасыздық деңгейін анықтау
Анықтама
«Қорғас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ- ның
педагог-психологы Д.А.Ахметова, кіші және орта жастағы балаларда болатын мазасыздықтың түрін және деңгейін зерттеу мақсатында «Филиппстің әдісі» қолданып мазасыздық деңгейін анықтау барысында келесі нәтижеге қол жеткіздік:
Мектеп білім алушылрына 50 сұрақтан тұратын, тізім және карточка ретінде берілді. Қатысқан бала - 19, зерттеушінің мазасыздануын білдіретін жауаптар саны есептеледі.
40- 50 ұпай, өте жоғары деңгейде екенін көрсетеді
25- 40 ұпай, жоғарғы деңгей
15- 25 ұпай, орташа (жоғарға бейім) деңгейде
5- 15 ұпай, орташа (төменге қарай) деңгейде
0-5 төменгі деңгейі.
Осы ұпай сандарын ескерте отырып, қорытынды нәтижесі төменгі диаграммада берілген
Мектептегі жалпы мазасыздық- 20%, бұл баланың жалпы эмоционалдық жағдайы, мектеп өміріндегі әр түрлі жағдайлармен байланыс формасы.
Әлеуметтік стрессті уайымдау- 7%, баланың эмоционалдық жағдайы, қоршаған ортамен (құрбыларымен) әлеуметтік байланыстың дамуы.
Қажеттілікті өтеудегі сәтсіздік кедергілер- 3%, қолайсыз психикалық жағдай, жоғарғы сәттілікке жетуге өзінің мүмкіндігін дамыта алмауы.
Үрейдің көрінісі (ойын, мүмкіндігін жеткізе алмаудағы) ситуацияны- 30%, жағымсыз эмоцияда уайымдау кездескен қажетті жағдайда өз мүмкіндігінкөрсете алмауы.
Білімді тексеру үстіндегі үрей – 40%, тексеру жағдайындағы үрейлену: білімі, жетісітгі, мүмкіндігі!
Айналасы күткен нәтижеден үрейлену-12%, айналасындағы адамдардан (негативті) жағымсыз баға алу қорқынышы.
Стреске төменгі физиологиялық қарсыласудың төменгі табалдырығы-21%, төменгі
табалдырықты психофизиологиялық ерекшелікке байланысты
Мұғаліммен қарым-38%, қатынастағы үйрейлену- мектепке үлкендермен жалпы жағымсыз эмоциялық қарым – қатынасы жағдайы баланың оқу үлгерімінің төмендеуіне әсері.
