Бейәлеуметтік мінез- құлықты болдырмау, мінезінде оғашқы қылығы бар оқушыларды анықтау мақсатында, сауалнама
Анықтама
«Қорғас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ- ның
педагог- психологы Д.А.Ахметова
Бейәлеуметті мінез-құлықты болдырмау мінезінде оғашқы қылығы бар оқушыларды анықтау мақсатында, сауалнама өткізілді. Берілген сауалдама 13 - 18 жас аралығындағы жасөспірімдердегі бейәлеуметтік қауіпті нұсқамаларды анықтау үшін бағдарлаушы әдістеме ретінде қолданылы. Қатысқан бала саны – 21. Сауалдама невротикалық және күйзелістік жағдайларды анықтауға, сондай - ақ тез тіл табысқыштық деңгейін анықтауға арналған. Берілген сауалдамадағы шкалдардың жалпы саны – 4, сауалдама ұйғарымдарының саны – 74.
Жасөспірімдер арасында өткізілген сауалнама нәтижесі төменгі мониторингта ұсынылған:
1 шкала “И” – шынайылық шкаласы.
Нәтижелердің дұрыстығын анықтайды.
8 – 10 ұпай жауаптар шынайылығының жоғарғы деңгейін білдіреді;
4 – 7 ұпай – орташа деңгей;
0 – 3 ұпай жауаптардың шынайылығының төмен деңгейін білдіреді, тек қана әлеуметтік қолдауға бағытталған бағдарлаулар зерттеу нәтижелілігін төмендетеді.
2 шкала “Д” – күйзелістік шкаласы.
Күйзелістік жағдайға деген бейімділік деңгейін анықтайды.
17 – 21 ұпай – жоғарғы баға, бұл белгілер оның эмоцияналдық жағдайына, қоршаған әлеуметтік ортаға, өзіне деген көзқарасына, мінез - құлқына сай келеді.
8 – 16 орта деңгей,
1 – 7 ұпай – күйзелістіктің төмен деңгейі.
3 шкала “Н” – невротизациялықтың шкаласы.
Невротизациялықтың деңгейін анықтайды.
17 – 21 ұпай – жоғарғы баға, эмоциялық тұрақсыздықтан, мазасыздықтан көрінетін невротикалық белгілерге сай келуі мүмкін.
4 шкала “О” – тез тіл табысып кетушіліктің шкаласы.
Тез тіл табысып кетушіліктің деңгейін анықтайды.
17- 21 ұпай – тез тіл табысып кетушіліктің жоғарғы деңгейі;
8 – 16 ұпай – орташа деңгей;
1 – 7 ұпай – төменгі деңгей.
Тез тіл табысып кетушіліктің төмен деңгейі невротизацияның және күйзелістіктің жоғарғы көрсеткіштерімен бірігуі зерттелушінің «пассивті түрде өлімге келісім беруіне» дәрежесіне дейін апаратын қауіпті суицидалды нұсқаны білдіреді.