1-сынып білім алушыларының ата-аналарымен жиналыс
«Жетісу облысы білім басқармасының Панфилов ауданы бойынша
білім бөлімі» ММ
«Қорғас орта метебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ
Анықтама
Өткізілген уақыты: 22.09.2022 ж.
Бəсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру - мемлекеттің алға қойған межелі мақсаттарының бірі. Бала дүниеге келгеннен бастап, білім беру, тəрбиелеу, саналы, салауатты азамат етіп тəрбиелеу ата-ананың міндеті екендігі заңмен жүктелген. Əрбір үйдің қуанышы, мемлекеттің болашағы балаларды мектепке бергеннен бастап, балада үш жақты орта қалыптасады. Ол мектеп. Ол қоғам. Ол ата-ана, жанұясы. Ата-ана мен байланыс орнату, оқушылардың үлгерімі мен тəртібін заңды өкілдеріне дер кезінде хабардар ету бүгінгі күні білім беру ұйымдарының мақсатты жұмысы. Осы ретте бойындағы ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда мектеп пен ата- ананың ролі ерекше. Осы орайда, бүгін «Жетісу облысы білім басқармасының Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қорғас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» Управления образования Алматинской области нде 1-сынып білім алушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізілді.
Жиналыстың күн тәртібі бойынша, бастауыш сынып мұғалімі Уджкулова Баян Комекбаевна, осы 2022-2023 оқу жылындағы ерекшеліктер, пәндер бойынша оқу мақсаттарын түсіндіре келе, өткізілген іс-шаралары бойынша ақпараттарымен бөлісті. Қызықты ситуациялық сұрақтар қойып, ата-аналардың көңілдерін арнайы кішігірім сыйлықтармен қуантты.
Сонымен қатар, алғаш мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып ата-аналарының, балаларының бейімделу кезеңдері бойынша мектебіміздің психологы Ахметова Динара Алимбековна өз кеңестерімен бөлісіп, бейімделу бойынша сауалнамалар алды.
Жиын соңында, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанайбек Нурбубі Сақанқызы, ата-аналарды мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастыққа шақырып, сұрақтар мен пікірлерге жауап бердi.

