«Сүйкімділігімен сүйсіндіріп, қылығыңмен қызықтыра біл» атты қыздар жиналысы
Өткізілген уақыты: 12-16.12.2022 ж.
2022-2023оқу жылының педагог-психологтың жұмыс жоспарына сай, 5-11 – сынып қыздарымен және сынып жетекшілерімен «Сүйкімділігімен сүйсіндіріп, қылығыңмен қызықтыра біл» атты қыздар жиналысы ұйымдастырылды.
Мақсаты: қыздармен әңгімелесе отырып, ар – намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой – өрісін дамыту, зиянды әректтерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту.
Жастықтың өз жастығымен, тазалығымен әдемі дегендей жас қыздардың өздері – ақ қыздың қызыл гүлінднй әсем ғой. Табиғат сыйлаған осы нәзік кезең өзінің әдемілігімен, жастығымен, албырт сезімімен ерекше. Намысын, сұлулығын жоғары ұстай білген қыз ғана жұрт алдында әрдайым, абройлы, сыйлы болу туралы ауқымды әңгіме жүргізілді. «Қазақ қызы қалай өзгерді?» тақырыбындағы бейнероликті ұсынылды, қыз бала және оның тәрбиесі жөніндегі мақал – мәтелдер біздің өмірімізде елеулі орны бар екендігін естеріне салынды, сұрақ- жауап арқылы кері байланыс орнатылды.
Қыз бала тәрбиесі баршаның ісі. Қыз бала мен ұл баланың бірін – бірі жақсы түсінуіне, бірін – бірі сыйлауына, бір –біріне қамқор бола білуіне, қыздарымызды –қылықты, ұлдарымызды – ұлағатты етіп тәрбиелеу біздің басты міндеттер туралы ұмытпаған жөн.


Педагог- психолог: Д.А.Ахметова