"Алаш зиялылары және қазақ тілі" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. » Қорғас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қорғас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Алаш зиялылары және қазақ тілі" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
17
сентябрь
2024

"Алаш зиялылары және қазақ тілі" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

17 қыркүйек күні 5 қыркүйек Қазақстан халқы Тілдер күніне орай "Қорғас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Абдрахимованың ұйымдастыруымен 8-10 сыныптар арасында "Алаш зиялылары және қазақ тілі" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. 
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясатының құрбаны болған қазақ зиялылары туралы оқушыларға мағлұмат беру, олардың елі мен жері, туған тіліне еткен еңбектеріне құрметпен қарап, есімдерін ардақтап, еңбектері мен қызметтерінен үлгі алу . Оқушыларымыз  зиялы қауым өкілдерінің шығармаларын жатқа оқып, өмір жолдары мен еңбектеріне тоқталды. 9-10 сынып оқушылары  Алаш қозғалысының көсемі  Әлихан Бөкейхановқа арнап "Алаштың Әлиханы" атты шағын қойылым көрсетті.  Оқушылар мен келген қонақтар  тәрбие сағатынан алған әсерлерімен ортада бөлісті.

Похожие публикации: